Қазақстанда сұйытылған газ бағасы қымбаттайды

499

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов мәлімдеді.

Қазақстанда сұйытылған газ бағасы қымбаттайды  Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

2024 жылдың бірінші тоқсанында сұйытылған мұнай газының 1 литрі шамамен 5 теңгеге қымбаттайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінде республикада айына 135 мың тонна сұйытылған мұнай газы өндіріледі. Тұтыну мұнан көп. Соған байланысты тапшылық туындайды. Автомобиль иелерінің көпшілігі сұйытылған мұнай газына ауысып жатқанын білеміз. Газ балонын орнату реттелмейді", - деп мәлім етті Әлібек Жамауов БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.

Оның түсіндіруі бойынша, өндіріс тұтыну көлемін қамтамасыз ете алмай отыр.

"Сол себепті, бірқатар шара қабылдадық. “Теңізшевройлме” ішкі нарыққа ай сайын 10 мың тонна газ жеткізуге уағдаластық. 13 қарашада сұйытылған мұнай газының экспортына толық шектеу енгіздік. Казросгаз компаниясымен Орынбор мұнай өңдеу зауытынан сұйытылған мұнай газының қосымша көлемін бағыттау туралы келістік. Қазіргі уақытта тапшылық байқалмайды", - деді вице-министр.

Бұдан бөлек, ол келесі жылдан бастап газ бағасы көтерілетіндігін атап өтті.

"Энергетика министрлігі газ бағасын біртіндеп көтеруді көздейді. 2024 жылдың бірінші тоқсанында сұйытылған мұнай газының 1 литрі шамамен 5 теңгеге көтеріледі деп күтеміз. Одан кейін алдағы 3 жылдың ішінде газ бағасы әр 6 ай сайын қымбаттап отырмақ", - деп қосты Әлібек Жамауов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу