Қазақстанда сұйытылған газ бағасын қайта қарау жоспарлануда

390

Бұл шараны қабылдау қажеттілігі бірқатар себептерге байланысты.

Қазақстанда сұйытылған газ бағасын қайта қарау жоспарлануда Фото: gov.kz

ҚР Энергетика министрлігі "Ашық НҚА" порталында Энергетика министрі бұйрығының жобасы жарияланғаны туралы хабарлайды, оған сәйкес 1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасын біршама түзету жоспарлануда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Біріншіден. Бүгінгі таңда сұйытылған мұнай газының бағасы оны өндірудің өзіндік құнынан әлдеқайда төмен. Осылайша СМГ өндірісінің өзіндік құны тоннасына 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін өзгереді. Ал өңдеуші зауыттар үшін қолданыстағы шекті көтерме баға тоннасына 40 320 теңгені құрайды. Осылайша өндірілген әрбір тонна газдан зауыттар 20-30 мың теңге көлемінде шығынға ұшырайды.

Екіншіден. Жылдан жылға СМГ тұтынудың күрт өсуі байқалады. Өткен жылдың өзінде Қазақстанда тұтыну 2022 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға немесе 28%-ға өсті. Мәселен, 2023 жылы СМГ тұтыну көлемі 2,2 млн тоннаны құрады (2022 жылы 1,8 млн тонна).

Төмен бағаларға байланысты СМГ өндірісінің тұтынуы мен рентабельділігінің артуы отынның осы түрін өндірудің төмендеуіне және өңірлерде белгілі бір тапшылыққа әкелді. Қазіргі таңда тапшылық деңгейі шамамен 20-25 %-ға жетеді.

Үшіншіден. СМГ бағаны одан әрі тежеген жағдайда қазақстандық өндіруші зауыттарда ішкі нарықтағы сұранысты қанағаттандыру үшін өндіріс көлемін ұлғайту мүмкіндігі болмайды. Залалдылықтың салдарынан зауыттар тиімдірек өнімге ауыса отырып, СМГ өндірісіне қызығушылығын жоғалтуда. Осындай себептерге байланысты инвесторлар да салаға инвестиция салғысы келмейді.

Төртіншіден. Қазақстандағы СМГ ең төмен бағалардың бірі-аймаққа байланысты – 54-тен 86 теңгеге дейін. Салыстыру үшін Ресейде бір литр газдың бағасы 132 теңге, Әзірбайжанда – 171 теңге, Тәжікстанда – 273 теңге.

Сарапшылардың болжамынша, 2024 жылы ішкі нарықта тұтыну көлемі тағы 200 мың тоннаға артып, 2,4 млн тоннаны құрайды. Бұл жағдайда газ тапшылығы 30-40%-ды құрауы мүмкін.

Сонымен қатар өндіруші зауыттар сұйытылған газ өндірісінің деңгейін ұстап тұру мақсатында бағаны түзету туралы мәселелер мен өтініштерді бірнеше рет көтерді.

Осылайша аталған тәуекелдерді болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың
1 шілдесінен бастап сұйытылған мұнай газының бағасын түзету жоспарлануда. Мәселен, сұйытылған мұнай газының бір тоннасы үшін шекті көтерме баға 45 158 теңгені құрайды (бұрын – 40 320 теңге). Бұл ретте шекті бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты литріне 5-тен 8 теңгеге дейін аздап өседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу