Қазақстанда суррогат ананың қызметін тек заңды некедегі ерлі-зайыптылар пайдалана алады

435

Сонымен қатар Қазақстанда шетел азаматтарына суррогат ана қызметін пайдалануға тыйым салынып отыр.  

Қазақстанда суррогат ананың қызметін тек заңды некедегі ерлі-зайыптылар пайдалана алады Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Мемлекет басшысы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа заң суррогат ана қызметіне жүгінетін азаматтарға қойылатын талаптарды айтарлықтай күшейтеді. Енді келісімшарт жасасу үшін болашақ ата-аналар өздерінің дене және психикалық саулығын растайтын медициналық-генетикалық қорытынды ұсынуға міндетті. Сонымен қатар құжат ерлі-зайыптылардың қаржылық міндеттемелерін нақтылайды.

Суррогат ана қызметін тек некеде (ерлі-зайыпты) тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары ғана пайдалана алады.

Заңға сәйкес, суррогат анамен шарт жасасатын ерлі-зайыптылар:

  • Суррогат ананың медициналық тексеруден өтуіне кететін шығындарды төлейді;
  • Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға жұмсалатын шығындарды өтейді;
  • Репродуктивтік технологияларды қолданатын медициналық ұйымға өздерінің дене және психикалық саулығы туралы медициналық қорытындыны, сондай-ақ медициналық-генетикалық тексеру нәтижелерін ұсынады;
  • Суррогат ананың жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі 56 күн ішіндегі медициналық қызмет көрсету шығындарын өтейді. Егер жүктілікке немесе босануға байланысты асқынулар болса, бұл шығындар босанғаннан кейінгі 70 күнге дейін төленеді.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу