Елімізде сұрыпталған қалдықтар көлемі 1,3 млн тоннаға жетті

189

Өздігінен шығаратын кәсіпорындардың қалдықтарын ескергенде былтыр жиналған қалдықтардың жалпы көлемі 4,6 млн тоннаны (бір жылда өсім +11,4%) құрады.  

Елімізде сұрыпталған қалдықтар көлемі 1,3 млн тоннаға жетті Фото: canva.com

Оның ішінде коммуналдық қалдықтар – 3,8 млн тонна, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлттық статистика бюросының мәліменше, сұрыпталған қалдықтардың көлемі 2024 жылы 1,3 млн тоннаға жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 0,9% артық.

Сұрыпталған макулатура мен картонның көлемі сұрыпталған қалдықтардың жалпы көлемінің 10,7%, пластик көлемі – 9,9% құрайды.

Өңірлік бөліністе сұрыпталған қалдықтардың көлемі жөнінен көшбасшы тізімінде Алматы қаласы – 398,5 мың тонна, алғашқы үштікке Қарағанды облысы (237,8 мың тонна) және Астана қаласы (207,9 мың тонна) кірді.

2024 жылғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коммуналдық қалдықтарды жинауды және шығаруды жүзеге асыратын 811 кәсіпорын мен ұйым жұмыс істейді. Ал, 227 ұйым қалдықтарды сұрыптаумен, кәдеге жаратумен және көмумен айналысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу