Былтырғы 12 айда сусын өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 764 063 млн теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда өндіріс 11,2%-ға артты, деп жазады inbusiness.kz.
Көрсетілген кезеңде республикада 2,3 млрд литр алкогольсіз сусын өндірілген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 9,8%-ға артық.
"656,8 млн литр минералды және газдалған сулар (тәтті емес, хош иіссіз) шығарылды, бұл 2021 жылдың 12 айымен салыстырғанда 1,7%-ға көп. Алкоголь зауыттары 12 айда 64,9 млн литр арақ шығарды. Бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Табиғи жүзім шарабы өндірісі 33,5%-ға өсіп, 31,1млн литрді құрады. Сыра өндірісі 717,5 млн литрді құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 0,7%-ға аз", - делінген хабарламада.
Елімізде сусындар өндірісімен 47 кәсіпорын айналысады.