Қазақстанда сутегімен жүретін пойыздар пайда болуы мүмкін

563

Жасыл технология логистика саласына келіп жатыр

Қазақстанда сутегімен жүретін пойыздар пайда болуы мүмкін Фото: pexels.com

"Қазақстан Теміржолы" ұлттық компаниясы 2027 жылдан бастап сутегімен жүретін локомотивтер сатып алмақшы. Осылайша олар логистикалық компаниялардың алдындағы экологиялық иммиджін жақсартпақ. 
Акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев "New Silk Way" халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумында осындай мәлімет айтты, деп жазды ҚазАқпарат.

"Әуе мен теңіз көлігіне қарағанда қоршаған ортаға зиянды шығарындыларды 8 есе аз тастайтынына қарамастан, теміржол саласында жетілдіру қажет тұстар жетерлік. 2027 жылдан бастап "Қазақстан Теміржолы" жасыл сутегімен жүретін локомотивтер сатып ала бастайды.

Яғни, біздің локомотивтер паркі жасыл энергетикаға басымдық беретін болады. Оған дейін газбен жүретін локомотивтер сатып алмақшымыз. Өткенде ол туралы да келісімдерге қол қойдық. Газ да жасыл технологияға жатады. Яғни, жасыл технология логистика саласына келіп жатыр. Ірі компаниялармен келіссөз жүргізгенде жобаның құнымен бірге жүктің әр тоннасына қанша шығарынды келетіні нақты жазылады. Ірі компаниялардың бәрі логистикалық өнім сатқанда міндетті түрде көміртегі ізін көрсетіп отырады. Бұл – уақыттың пәрмені", - деді ол.

Компания басшысы Қазақстан аумағымен жүк тасымалдағысы келетін ірі компаниялар онлайн бақылау жүйесінің жетілмегеніне сақтықпен қарайтынын айтады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу