2025 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстан шетелге 12,6 млн литр сыра экспорттады, деп жазады inbusiness.kz сайты
Бюро мәліметінше, бұл – соңғы 10 жыл ішіндегі ең үлкен көрсеткіш. Әсіресе, Ресей, Беларусь, Қырғызстан елдеріне экспорт көлемі артқан. Оның ішінде ең көп сыр сатып алған ел – Ресей. Бұл елге жеткізілген сусын көлемі осы жылы 24%-ға өсіп, 7,5 млн литрді құраған. Бұл – Қазақстанның Ресейден басқа шет елдерден импорттаған сыра көлемінен де артық екен.
Орташа экспорттық баға Ресейге литріне шамамен 0,7 доллар болды, бұл ТМД-дан тыс елдерден әкелінетін импорттық сырадан екі есе арзан.
Сарапшылардың айтуынша, көрші елге негізінен қазақстандық зауыттардың (Алматы, Қостанай) өз өнімдері жөнелтілуде.