Қазақстанда сыраға цифрлық таңбалау енгізіледі

143

Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.  

Қазақстанда сыраға цифрлық таңбалау енгізіледі Фото: modulkassa.ru

Жаңа жүйе нарықты заңды әрі тұрақты дамытуға қосымша жағдай жасайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Комитет мәліметінше, сыра мен сыра сусындарын цифрлық таңбалау жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі.

"Таңбалауға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы" бұйрыққа сәйкес, жаңа талаптар мына мерзімдерде күшіне енеді:

  • 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – кегтер мен шөлмектердегі өнімдер үшін;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – қаңылтыр банкілердегі өнімдер үшін.

Өндірушілер мен импорттаушылар қазірдің өзінде tanba.markirovka.kz мекенжайы арқылы Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесіне (ТТҚ АЖ) тіркеле алады.

Жүйе өнім туралы деректерді енгізуге және өндіріс пен логистикада Data Matrix кодтарын қолдануға мүмкіндік береді.

Цифрлық таңбалау нарықтағы ашықтықты арттыруға, тауар қозғалысын бақылауды жетілдіруге және тұтынушылар үшін тұрақты орта қалыптастыруға бағытталған. Бұған дейін сыра мен сыра сусындары есепке алу-бақылау маркаларымен таңбаланбаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу