Қазақстанда сырттан келген кран сапасын анықтайтын зертхана жоқ

965

Қазақстанда сырттан келген кран сапасын анықтайтын зертхана жоқ

Біздің елге ТБ-630 маркалы мұнаралы крандар Еуропа мен Қытайдан әкелінеді екен. Өскемендік кәсіпкер сол техниканың отандық баламасын ойлап тапқан, деп хабарлайды abctv.kz.

"Азия-Кран" ЖШС директоры Серікқазы Құрманғалиевтің айтуынша, "Азия-Кранның" өнімі еуропалық және қытайлық баламаларынан сапа жағынан артық болмаса, кем түспейді. Бұл крандар 40 градус аязда да жұмыс істей алады. Ал бағасы шетелдік крандардан 10-20 мың долларға арзан. Ең бастысы бұл крандар экспортқа арналған. Бұған қоса отандық мұнаралы крандарда технологиялық талаптар мен сапа стандарттары қатаң сақталған.

"Елдегі құрылыс алаңдары мен логистикалық орталықтарда тұрған крандардың 70%-ы Қытайдан әкелінген. Одан кейінгі үлес Ресейге тиесілі. Ең қызығы  Қытайдан келіп жатқан крандардың 99%-ы ішкі нарыққа арнап жасалған. Экпорттық талапқа жауап бере алмайды. Бұл крандардың басым бөлігі бұрын қолданыста болған. Сыртын жалтыратып бояйды да, жалған құжатпен бізге сатады. Ал біздің елде кранның ескі я жаңа екенін анықтайтын зертхана жоқ" –  дейді Серікқазы Құрманғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу