Қазақстанда табиғи газ өндірісі 7 пайызға өсті

1662

2020 жылдың қаңтар-мамырында елімізде сұйық немесе газға айналған күйде табиғи газды өндіру көлемі 24,8 млрд текше метрге жетті.  

Қазақстанда табиғи газ өндірісі 7 пайызға өсті

Бұл өткен жылдың дәл осындай кезеңінде өндірілген газ көлемінен 7,2 пайызға көп, деп хабарлайды energyprom.kz порталы.

Ақшаға шаққанда аталған кезеңде 141,9 млрд теңгенің газы өндірілді.

Өңірлік шекте Атырау облысында өндірілген табиғи газдың көлемі жоғары болып тұр. Бұл облыста 11,2 млрд текше метр газ өндіріліп отыр. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында - 9,1 млрд, Ақтөбе облысында – 2,6 млрд текше метр газ өндірілген.

Қазақстан 2020 жылдың қаңтар-сәуірінде 6,3 млрд текше метр көгілдір отынын экспортқа шығарды. Бірақ жылдқы мәнде экспорт көлемі 34,9 пайызға қысқарып отыр. Қазақстанның табиғи газының негізгі, нақты айтқанда 566,1 млн долларды құрайтын көлемі Қытай еліне экспортталған. Қытайға экспорттың жылдық өсімі нақты мәнде 7,4 пайызға, ал ақшаға шаққанда 2,5 пайызға артты.

Ал ТМД елдеріне 101,5 млн доллардың 2,1 млрд текше метр газы экспортқа шығарылды. Бұл ретте Қазақстан газының негізгі импорттаушысы - Ресей. Жалпы ТМД елдеріне экспортталған газдың 75,5 пайызы Ресейге экспортталған.

Айта кетерлігі, ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2020 жылғы 3-тоқсанда сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің бағалары қосылған құн салығын (ҚҚС) есепке алмағанда 28 000 теңгені құрайды.

Шекті баға 2018 жылдың І-тоқсаны - 2020 жылдың І-тоқсаны аралығында ҚҚС есебінсіз тоннасына 38 701,67 теңге деңгейінде сақталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу