Қазақстанда табиғи газ өндірісі азайды

1083

Қыста экспорт көлемі бірден 32%, құны жағынан  35% төмендеген.

Қазақстанда табиғи газ өндірісі азайды

Биылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстанда 14 млрд текше метр табиғи газ өндірілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5% аз, деп хабарлайды inbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Сонымен қатар газ түріндегі шикізатты өндіру 6 млрд текше метр, мұнайдағы аралас газды өндіру 8 млрд текше метрді құрады. Өткен жылы өндірілген табиғи газ көлемі  4,3% ұлғайып, 15,3 млрд текше метрді құраған еді. 

Биыл Атырау облысы 6 млрд текше метр, Батыс Қазақстан облысы 5,5 млрд текше метр газ өндірді. 

Бұл облыстарда "ТеңізШевроил", "ЕмбіМұнайГаз", "Карашыағанақ Петролиум Оперейтинг Б. В." және "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы мен оның еншілесі "ҚазТрансГаз" жұмыс істейді. 

Биылғы өндірілген газ ақшаүа шаққанда   60,9 млрд теңге көлемінде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32% аз. 
Жыл басынан бергі екі айда экспортқа құны 243,4 млн долларды құрады, 2,3 млрд текше метр газ тасымалданған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда ақшаүа шаққанда 34,9%, көлем бойынша 32,2% аз. Қазақстан газын негізгі тұтынушы: ТМД елдері, негізгі импорттаушы Ресей. Ал одан тыс елдерде негізгі импорттаушы Қытай. 

Ал Қазақстан ішінде ауылды жерлердің 53,07%,  18,53 млн адамның 9,84 млн газ пайдаланады. Мемлекеттің жоспары бойынша 2025 жылы 11,05 адам газ тұтына алады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу