Қазақстанда тағы 3 дата-орталық іске қосылады

155

Келесі жылы жалпы қуаты шамамен 300 мегаватт болатын дата-центрлер іске қосылмақ.

Қазақстанда тағы 3 дата-орталық іске қосылады Фото: Data Center Valley

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев елімізде тағы 3 дата-орталық іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соңғы үш жылда елімізде бірнеше дата-орталық іске қосылған.

Соның бірі – мемлекеттік цифрлық жүйелерді орналастыруға арналған Астанадағы мемлекеттік органдардың дата-орталығы. 

"Тағы 3 дата-центрді іске қосу жоспарланған. Олар ел ішінде дерек сақтауға, өңдеуге жəне мемлекеттік органдар мен бизнеске арналған бұлттық қызметтерді дамытуға мүмкіндік береді. Осылайша, Қазақстанда сенімділігі жоғары, Tier III жəне Tier IV талаптарына сай инфрақұрылым құрылуда", – деді Жаслан Мәдиев.

Министрдің айтуынша, Екібастұзда "Дата-центрлер алқабы" жобасы кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. 

"Ол – ірі tech-компаниялар дата-центрлер мен есептеу кластерлерді орналастыра отырып, AI- модельдерін дамыта алатын алаң болмақ. Жобаны NVIDIA жəне халықаралық бұлттық қызмет провайдерлерімен бірге жүзеге асырудамыз. 2029 жылға қарай алқаптың жалпы қуатын кемінде 1 гигаваттқа жеткізу жоспарланған. Құрылыс жұмыстары басталды. Келесі жылы жалпы қуаты шамамен 300 мегаватт болатын дата-центрлерді іске қосамыз. Алқапта білікті мамандар үшін жаңа жұмыс орындары ашылуы тиіс", – деп атап өтті Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі.

Вице-премьер қазақстандық мамандар озық есептеу жүйелерімен жұмыс істеп, тəжірибе жинай алатынын жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу