Қазақстанда тағы 65 адам коронавирус жұқтырды

789

Жалпы елімізде қауіпті індетті жұқтырған 2 135 науқас тіркелді.  

Қазақстанда тағы 65 адам коронавирус жұқтырды

22 сәуір сағат 22:50-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 65 адам тіркелген, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

Оның ішінде Алматы қаласында – 18, Жамбыл облысында – 1 , Шығыс Қазақстан облысында – 1, Түркістан облысында – 2, Шымкент қаласында – 28, Маңғыстау облысында – 2, Батыс Қазақстан облысында – 4, Қостанай облысында – 1, Қызылорда облысында – 6, Нұр-Сұлтан қаласы – 1, Павлодар облысында – 1 адам.

Coronavirus2020.kz мәліметінше, осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 404 адам, Алматы қаласында – 732 адам, Қарағанды облысында – 102 адам, Ақмола облысында – 83 адам, Атырау облысында – 82 адам, Жамбыл облысында – 77 адам, Шымкент қаласында – 131 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 12 адам, Алматы облысында – 62  адам, Ақтөбе облысында – 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 30 адам, Павлодар облысында – 38 адам, Маңғыстау облысында – 18 адам, Қызылорда облысында – 157 адам, Батыс Қазақстан облысында – 76 адам, Түркістан облысында – 69 адам, Қостанай облысында – 35 адам, жалпы 2135 науқас бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу