Қазақстанда тағы 7 бағыт бойынша ақылы жол іске қосылды

1407

"ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы биыл тағы 7 бағыт бойынша ақылы жолды іске қосты, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қазақстанда тағы 7 бағыт бойынша ақылы жол іске қосылды

Осылайша, олардың саны 11-ге жетті. Ал 2025 жылға қарай Қазақстандағы республикалық маңызы бар 25 мың шақырым жолдың 11 мыңы ақылы болады.

Жаңадан іске қосылған ақылы жолдардың артықшылығы төлем қабылдау кезінде ұзын-сонар кезек пен кептеліс болмайды.

Тіпті көліктерді бөгейтін шлагбаумдар да жоқ. Арнайы камера әр өткен көліктің номерін тіркеп, иесіне жолақысының құнын автоматты түрде жібереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу