Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

2698

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі World Business Consulting қызметінде қаржы пирамидасының белгілері бар деп қорытынды жасаған.

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Алматыда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz 

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, Алматы қаласы бойынша агенттік департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен World Business Consulting қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша бірқатар тұлғаға қатысты
сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

"Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар тұрғындарға World trend Strategies, Confidence World Group, HUBB international, Riviera imperial, Asteco және басқа үлестес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат беруді ұсынған. Аталған компаниялар қаржыны заң аясында жүргізілген қызметтен емес, 
жаңа салымшылардың қаражаты есебінен сыйақы алуға кепілдік берген. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі World Business Consulting қызметінен қаржы пирамидасының белгілерін анықтаған", - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 

ҚМА қазақстандықтарды сақ болуға, ақшаны күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

"Сіз немесе жақындарыңыз World Business Consulting компаниясының қызметінен зардап шеккен жағдайда Алматы қаласы бойынша ЭТД-ге (Жібек Жолы даңғылы, 127) немесе  8 775 923 40 90, 8 708 192 2818 телефондары бойынша хабарласа аласыздар, ал басқа қала мен өңір тұрғындары ҚМА аумақтық департаментіне жүгіне алады", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу