Қазақстанда тағы бір кәсіби мереке пайда болады

1530

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне толықтырулар енгізілетін Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстанда тағы бір кәсіби мереке пайда болады Фото: zhaikpress.kz

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 11-3-тармақпен толықтырылсын: "11-3. Ветеринария қызметкерлері күні - 10 шілде"", - делінген Ашық НҚА сайтындағы хабарламада.

Министрлік дайындаған құжатта эпизоотиялық жағдайдың саулығы және мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетінің артуы қауіпсіз өнім өндіруді қамтамасыз ететін ветеринария жүйесімен тығыз байланысты екені айтылған.

"Бүгінде Қазақстанда малшылар күні, орман шаруашылығы қызметкері күні, ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні,  балық шаруашылығы қызметкерлері күні сияқты кәсіби мерекелер бар. Алайда бүгінде ветеринария саласындағы қызметкерлердің өздерінің кәсіби мерекелерін атап өту мүмкіндігі жоқ және осындай мереке болмағандықтан, бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласына өздерінің керек екенін сезінбейді", - делінген құжатта.

Ведомствоның хабарлауынша, 10 шілдеде Қазақстанда "Ветеринария туралы" бірінші рет заң қабылданған.

Айта кетейік, жыл сайын сәуір айының соңғы сенбісінде дүниежүзінің көп елінде 2000 жылы Халықаралық ветеринар дәрігер күні атап өтіледі. Ал Ресейде 31 тамызда ветеринарлық қызметкер күні тойланады, ал Украинада ветеринарлық медицина қызметкерлерінің күні тамыздың екінші жексенбісінде атап өтіледі.

Құжат Ашық НҚА сайтында 14 желтоқсанға дейін талқыланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу