Қазақстанда тағы бір кәсіби мереке пайда болады

759

Тиісті Үкімет қаулысы  жария талқылауға ұсынылды. 

Қазақстанда тағы бір кәсіби мереке пайда болады Фото: Elorda.info

Елімізде мемлекеттік қызметтер саласындағы қызметкерлер күні мерекесі бекітілуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысы 5-1-тармақпен толықтырылсын: "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметкерлер күні – 15 сәуір", - делінген қаулыда.

Құжатқа берілген түсіндірме жазбаға сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің жалпы саны 20 мыңнан асады.

"Алайда бүгінде мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметкерлердің өздерінің кәсіби мерекелерін атап өту мүмкіндігі жоқ. Осындай мереке болмағандықтан, бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласына өздерінің тиістілігін сезінбейді. Аталған кәсіби мерекені тізімге енгізу кәсіби қоғамдастықтың бірыңғай саласына жататынын сезінуге мүмкіндік беріп, корпоративтік мәдениеттің одан әрі дамуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Құжатты жария талқылау 1 наурызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу