Қазақстанда тағы бір медициналық пойыз іске қосылды

1160

Бүгін "Алматы-2" бекетінен "Жәрдем" қосымша мамандандырылған медициналық пойызы сапарға аттанды. 

Қазақстанда тағы бір медициналық пойыз іске қосылды

"Жәрдем" пойызы "Денсаулық" медициналық жобасына қосымша ретінде іске қосылып, 6 облысты қамтитын болады, деп хабарлайды "Samruk-KazynaTrust" корпоративтік коммуникациялар департаменті.

2019 жылдың соңына дейін екі медициналық пойыз 80 мың қазақстандыққа көмек көрсетеді деп күтілуде.

"Жәрдем" пойызы шалғай жатқан 78 станцияға тоқтап, медициналық қызметке мұқтаж тұрғындарға алғашқы медициналық-әлеуметтік және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді.

"2019 жылдың сәуір айының соңында "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры "ҚТЖ" ҰК" АҚ жанындағы Әлеуметтік жобалар қорымен бірге "Денсаулық" медициналық пойыз жобасын іске қосты. Осы күнге дейін дәрігерлік бригадалар 15 000 қазақстандыққа медициналық көмек көрсеткен. Тәжірибе көрсеткендей мұндай пойыздар шалғай аудандарда тұратын тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие, себебі мұнда кәдімгі емxанада кезектің көп болуына байланысты қабылдап үлгермейтін дәрігер мамандар бар. Сондықтан 6 аймақты аралайтын, осындай қосымша медициналық пойызды іске қосуды шештік",– дейді "Samruk-Kazyna Trust" қорының ресми өкілі Іргебаев Мирас.

Медициналық бригада құрамында терапевт, педиатр, гинеколог, xирург, ЛОР, кардиолог, онколог-маммолог, стоматолог сияқты мамандар бар.

"Жәрдем" пойызы өз жұмысын 2019 жылдың 24 желтоқсанында Алматы қаласында аяқтайды. Пойыз 10 100 шақырымға жуық жол жүреді деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу