Қазақстанда тағы бір мұнай өңдеу зауыты пайда болуы мүмкін

291

Бұл жеңіл мұнай өнімдері тапшылығының алдын алу үшін қажет.

Қазақстанда тағы бір мұнай өңдеу зауыты пайда болуы мүмкін Фото: perevozka24.ru

Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2036 жылы күтілетін жеңіл мұнай өнімдерінің тапшылығына байланысты қуаты жылына 10 млн тонна болатын жаңа мұнай өңдеу зауытын 2030 жылдан кешіктірмей жобалауды және 2032 жылы салуды бастау қажет. Жаңа мұнай өңдеу зауытын салу 2040-2050 жылдар аралығында елдің жанар-жағармайға деген қажеттілігін жабады. Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азияның қарқынды дамып жатқан нарықтарына жанар-жағармай экспорттауға мүмкіндік береді", – деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Айта кету керек, елімізде үш мұнай өңдеу зауыты бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу