Қазақстанда тағы бір петицияға 50 мың қол жиналды

192

Енді шенеуніктердің құмар ойын ойнауына тыйым салынуы мүмкін. 

Қазақстанда тағы бір петицияға 50 мың қол жиналды Фото: freepik

Қазірдің өзінде 50 мың қол жинаған петиция авторлары шенеуніктерге құмар ойын ойнауға тыйым салуды талап етіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Петицияның сипаттамасында шенеуніктердің билік пен қазынаға қол жеткізе отырып, мемлекеттік қаражатты үлкен көлемде жоғалтатыны жазылған.

“Тек өз отбасыларын ғана емес, бізді де тонайды. Халықтың еткен еңбегін жоққа шығарады. Алматы облысының казиносындағы бір ғана ресми тексеру кезінде 305 шенеуніктің жарты миллиард теңгеден айырылғаны анықталды. Орташа алғанда, әрқайсысы шамамен 1,7 миллион теңгені салған” – делінген жазбада. 

Авторлар мұны тек бір тексеру көрсеткенін және бұл тек ресми түрде айтылған деректер екенін атап өтті. Бұл петицияға белсенділік танытқандар көбейіп, 50 мың қолға жетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу