Қазақстанда тағы бір ЖОО-ның лицензиясы уақытша тоқтатылды

1044

Алматыдағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті жабылудың алдында тұр. Мұндағы студенттердің 97%-ы кезектен тыс тескеріс нәтижесінде, шекті балды еңсере алмай, университеттің лицензиясы уақытша тоқтатылған, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазақстанда тағы бір ЖОО-ның лицензиясы уақытша тоқтатылды

Тескеріс жүргізген Білім және ғылым министрлігі бірқатар заң бұзушылық анықтады. Мәселен, университет студенттері курстық жұмыстарды бір-бірінен көшіріп алуды әдетке айналдырған. Ал түлектердің дипломдық жұмыстары антиплагиаттан өтпесе де, қорғауға жіберілген жағдайлар тіркелді. Осылайша, университетке қатысты әкімшілік іс қозғалып, олқылықтарды жоюға бір ай берілді. Егер осы уақыттың ішінде білім сапасы жақсармаса, жоғарғы оқу орны толықтай жабылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу