Қазақстанда тағы екі микроқаржы ұйымының лицензиясы тоқтатылды

224

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Bravo Microfinance және CashCapital микроқаржы ұйымдарының лицензиясын 3 ай мерзімге уақытша тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда тағы екі микроқаржы ұйымының лицензиясы тоқтатылды Фото: SK News

Bravo Microfinance және CashCapital микроқаржылық ұйымдарының лицензиясы нормативтерді немесе өзге де міндетті нормалар мен лимиттерді бұзып, уәкілетті органның жазбаша нұсқамасын орындамағандықтан уақытша тоқтатылды.

– Egov-тің мәліметінше, Microfinance MFO ұйымы Меруерт Хамитова мен Асылбек Әбділхайға тиесілі Bravo Group компаниясының басқаруында. Компания 2019 жылдың қыркүйегінде Астанада тіркелді. Оның алғашқы басшысы – Артем Котелкин. 

Ал CashCapital MFO Joint Logistics логистикалық компаниясына иелік ететін Аяз Темірғалиевке тиесілі. Бұл микроқаржылық ұйым елімізде 2021 жылдан бері тіркелген.

Ұлттық банктің дерегіне сенсек, Bravo Microfinance 2024 жылдың 5 қыркүйегінде 732 миллион теңге активтерімен 221 ұйымның ішінде 88-ші орынды иеленді. Ал CashCapital құны 200 миллион теңге болатын активтерімен – 204-орынға тұрақтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу