Қазақстанда тағы төрт елдің вакцинация паспорты мойындалды

1145

Канада, Черногория, Чехия және Жапонияда берілетін COVID-19 вакцинациясы туралы сертификаттар біздің елде де жарамды деп танылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстанда тағы төрт елдің вакцинация паспорты мойындалды

Тиісті қаулыға Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қол қойды. Қаулы мәтіні Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында жарияланған.

Бұған дейін біздің елде Аргентина, Венгрия, Грузия, Иран, Иордания, Қырғызстан, Мальдив, Моңғолия, Армения, Белоруссия, Молдова, Перу, Сан-Марино, Сербия, Тунис, Үндістан, Филиппин, Таиланд, Түркия, Эстонияда берілген вакцинация сертификаттары/паспорттары мойындалған.

Қазір вакцинациялау туралы сертификаттары танылған елдердің саны 24-ке жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу