Республикада 2 айда жоғарыдағы тәртіпке сай аяқ киімнің мөлшері 2 есеге өсті. Айталық, 2023 жылдың наурызында таңбаланған аяқ киімнің көлемі ТТҚ АЖ тіркелген таңбалау кодтарының саны 6 145 348 дана болса, сәуір-мамыр аралығында жүйеде бұл көрсеткіш 15 млн-нан асқан. Демек бұл бизнестің бақылау жүйесімен жұмыс істейтінін және оның көлеңкелі экономиканы тежеудегі артықшылығын көрсетіп отыр.
Цифрлы таңбалау мен қадағалаудың басты тиімділігі – тауарларды жеткізу және сату тізбегінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Осы арқылы аяқ киім тауарларының "сұр" импорты мен айналымын алдын алады. Ресми деректерге сүйенсек, бұл саладағы көлеңкелі экономика 48%-ға жетіп отыр. Яғни, әрбір екінші өнім елімізге заңсыз әкелінетінін аңғартады.
Цифрлы таңбалау тетігіне отандық өндірушілер тарапынан қызуғышылық басым. Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл жүйе тауарды елге заңсыз алып келуге мүмкіндік бермейді және тауарды көлеңкелі айналымда төмен бағаға сататын, бәсекелесуге мүмкін емес импорттаушыларды анықтауға көмектеседі.
"Өндірістік нысандарда барлық қажетті таңбалау процесі жолға қойылған. Айтарлықтай қиын емес және таңбалауды енгізуде қандай да бір кедергі туындаған жоқ. Біз таңбаланбаған аяқ киімді сатуға тыйым салынатынына дайын болдық. Өйткені таңбалаудың қажеттілігін түсінеміз және нарықтағы ашықтық пен адал бәсекелестікті қолдаймыз", деді QazTextileIndustry Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық қауымдастығы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер одағы басқармасының төрағасы Гүлмира Уахитова.
Кәсіпкерлердің, оның ішінде импорттаушылардың ақпараты бойынша таңбалау құны орта есеппен 350 теңгені немесе бір жұп аяқ киімге шаққанда шамамен - 1%.
Бұл орайда Қазақстанда таңбалау және қадағалау жүйесі үш өнім санатына қолданылып келе жатқанын айта кету керек. Атап айтқанда, темекі өнімдері (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап таңбалау коды акциздік таңба функциясын ауыстырды), аяқ киім (2021 жылғы 1 қарашасынан бастап) және 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап дәрілік заттарды таңбалау мен бақылау процесі кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Елімізде тауарларды таңбалау және қадағалау ЕАЭО-ның тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімі арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңымен реттеліп келе жатқанын атап өткен жөн.