Қазақстанда танымал блогерге халықаралық іздеу жарияланды

127

Интернет-казиноны насихаттау үшін блогер түрлі ұтыс ойындары мен челлендждер ұйымдастырған.

Қазақстанда танымал блогерге халықаралық іздеу жарияланды Фото: instagram/andersonchik1

Қаржылық мониторинг агенттігі 23.06.1998 жылы туған, andersonchik1 лақап атымен танымал блогер Ювашев Ильяр Салаватовичке мемлекетаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ол еліміз аумағында лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінді.

Тергеу деректеріне сәйкес, И.С. Ювашев 2024–2025 жылдары интернет-казино желісін құруға және басқаруға қатысқан, оның ішінде mellstroy.gamе ресурсы да бар.

Қаржы ағындарын заңдастыру және операцияларды жасыру мақсатында 22 жалған заңды тұлға тіркеліп, POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылған. Осы арқылы ойыншылардан 3,6 млрд теңгеден астам қаражат түскен.

– Іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір мәлімет белгілі болған жағдайда, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарлауларыңызды сұраймыз: +7 7172 70 84 79 (іш.21384) – кезекші бөлім; Call-орталық: 1458.

Ақпарат берген тұлғаларға сыйақы қарастырылған, құпиялылық сақталады, – делінген ҚМА хабарламасында.

Еске саламыз, ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті Беларусь Республикасының азаматы, "Mellstroy" атымен белгілі блогер Андрей Буримге қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.

Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа да әлеуметтік желілерде Mellstroy бренді, казино логотиптері мен сайт сілтемелері көрсетілген бейнероликтер түсіру ұсынылған.

Бурим халықаралық іздеуге жарияланған.

Айта кету керек, интернет-казино қызметі елеулі әлеуметтік және экономикалық зиян келтірген: азаматтарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды құмар ойындарға тарту, лудоманияның артуы, табыстың жоғалуы және капиталдың офшорлық аймақтарға шығарылуы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу