Қазақстанда татар және башқұрт конгресі құрылды

885

Қазақстанда татар және башқұрт конгресі құрылды

Қазақстанның татар және башқұрт конгресінде екі ірі республикалық ұйым – Қазақстан татар және башқұрт қауымдастығы мен "Идеал" Қазақстан Республикасы татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтар қауымдастығы бірікті, деп хабарлайды inform.kz.

Астанада татар және башқұрт этномәдени ұйымдарының қатысуымен конгрестің құрылтай конференциясы өтті. Шара барысында негізгі құжаттар: Конгреске қатысушылардың құрамы, жарғы, мүшелік пен жарна туралы ереже қабылданды.

Қазақстан татар және башқұрт конгресінің төрағасы болып бірауыздан Тауфиқ Кәрімов сайланды. Оның орынбасарлары Ринат Әбдіхалықов, Ғабдулхай Ішмұратов, Рафик Валиев.

Айтулы оқиғамен Қазақстан халқын Қазаннан келген Дүниежүзілік татар конгресінің атқарушы комитетінің төрағасы Ринат Закиров пен Қазақстандағы Татарстан өкілетті өкілі Рүстем Валиуллов құттықтады. Конференцияға қатысушылардың айтуынша, Конгресс алдында үлкен міндет тұр, ол – көпұлтты Қазақстан халқының бейбітшілік пен келісімі негізінде татар мен башқұрт бірлігін қамтамасыз ету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу