Қазақстанда тау-кен саласына арналған шахталық тіреуіштер өндіріле бастады

1182

Өнімді Ақтөбе рельс-арқалық зауыты шығара бастады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі. 

Қазақстанда тау-кен саласына арналған шахталық тіреуіштер өндіріле бастады

Қазақстанда тау-кен өндіру саласының кәсіпорындары қазба жұмыстары мен тоннельдердің күмбездерін нығайту мақсатында пайдаланатын СВП 22 шахталық тіреуіштерді өнеркәсіптік өндіруге кірісті. Бірегей ыстықтай илемделген бұйымдардың елдегі өндірісі өндірістік материалдар мен жабдықтар импортын 90-95 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді.

Шахталық жұмыстар барысындағы қауіпсіздік, кеншілердің өмірі мен денсаулығы көбінесе шахта тіреуіштерінің сенімділігіне байланысты болады. Сондықтан зауыт өкілдері арнайы ауыстырылатын профиль ГОСТ-қа сәйкес шығарылатындығына баса назар аударады.

СВП 22 профилінен сақиналы бекіткіштер мен 3-5 буыннан тұратын әмбебап аркалы иілгіш бекітпе жасалады, олар ерекше беріктікті және жүктемеге төзімді материалдарды қажет етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу