Қазақстанда тауар сатып алған тұтынушыларға бір аптада 12 миллион теңге қайтарылды

535

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстанда тауар сатып алған тұтынушыларға бір аптада 12 миллион теңге қайтарылды Фото: gov.kz

Комитет дерегінше, 14-18 қараша аралығында тауар сатып алу кезінде құқығы бұзылған тұрғындардан 590 өтініш түскен.

"329 жағдайда өтініш берушілерге құқықтық көмек көрсетілді. 287 өтініш қанағаттандырылды, ал 75 өтініш құзыретіне сай келетін органдарға жолданды. Бір апта ішінде тұтынушыларға 12,2 млн теңге қайтарылды", - делінген комитет хабарламасында.

Бір апта ішінде қайтарылған үлкен сома – 4,4 млн теңге. Онда Ақмола мен Ақтөбе облыстарының 5 тұрғыны екі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен массаж құрылғыларын сатып алған. Кейін олардың сапасыз екенін көріп, қайтармақ болған. Дегенмен оны сатқан серіктестіктер тауарды қайта қабылдаудан бас тартыпты. Артынша тұрғындар Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне жүгініп, жалпы сомасы 4,4 млн теңгесін қайтарып алған.

Комитет ұсынған дерекке сәйкес, бұдан өзге тағы 3 өңірде сапасыз үй жиһазын сатып алған азаматтар жергіліктті департтаменттердің көмегімен ақшаларын қайтарып алған. Оларға өтелген сома - 1,2 млн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу