Қазақстанда "Тауарлардың ұлттық каталогы" құрылады

938

Жобаны Сауда және интеграция министрлігі "Қазақтелеком" компаниясымен бірлесіп құрғалы отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Қазақстанда "Тауарлардың ұлттық каталогы" құрылады

Жобаның мақсаты – нарыққа қатысушылар үшін тауардың цифрлық паспортын ұсыну. Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасованың айтуынша, 2021 жылғы 1 қазаннан бастап кодтау бойынша пилоттық жобаны өткізу үшін әдістемелік ұсынымдар бекітілген. Сондай-ақ интерфейс макеті әзірленген.

"Каталогта медиа контент, салмақ-көлем және басқа да тұтыну сипаттамалары бар тауарлардың цифрлық көшірмелері қамтылады. Ал 2021 жылдың соңына дейін каталогта 30 000 тауар түрі қолжетімді болады",– дейді ол.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу