Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі жанындағы "Отын-энергетикалық кешеннің ситуациялық-талдау орталығы" АҚ хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі
Ұйым мәліметі бойынша, МАЭК-тегі апатқа дейін республикада тәуліктік мұнай өндіру 232 мың тоннаны құрады.
"11 тамызда тәуліктік өндіріс 220,4 мың тоннаға, 12 тамызда 217,5 мың тоннаға, 13 тамызда 215 мың тоннаға дейін төмендеді", – деп хабарлады ұйым.
Еске сала кетсек, 2023 жылдың 11 тамызында Астана уақытымен сағат 14:20-да МАЭК ЖЭО-2 нысанында екі турбоагрегат сөндірілді. Бұл тек Маңғыстаудың ғана емес, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарының электр желілері жүктемесіне әсер етті.