Қазақстанда Тәжікстанның төрт азаматы қайтыс болды

909

Тәжікстанның төрт азаматы үйдің жертөлесіндегі улы газдан уланған.  

Қазақстанда Тәжікстанның төрт азаматы қайтыс болды

Ақмола облысының Жарқайың ауданының Державинск қаласында жеміс-көкеніс шаруашылығы нда жұмыс істейтін төрт жұмыскер газдан уланып қайтыс болған, төртеуі де- Тәжікстан азаматтары, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Ақпар берушінің айтуынша, қайғылы оқиға кеше болған. Алдын ала болжам бойынша, жекеменшік үйдің жертөлесіне түскен кезде улы заттан уланған. Улы заттың не екені әзірге белгісіз, метан деп отырмыз. Үш адам бірден қайтыс болып, біреуі ауруханаға жеткізілген. Кейін ауруханада біреуі қайтыс болған.

Қайтыс болғандар - 1975, 1971, 1983 жылғылар. Біреуі 17 жасар жас бала. 

Тап қазіргі уақытта аудандық әкімдік қайтыс болғандардың денесін елдеріне жеткізу туралы мәселені қарастырып жатыр.       

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу