Қазақстанда техникалық байқау операторларының жауапкершілігі күшейтілмек

556

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Мұқатаев техникалық байқау операторларының жауапкершілігіне қатысты талаптар күшейетінін айтты.

Қазақстанда техникалық байқау операторларының жауапкершілігі күшейтілмек

 

"Жұмыс тобы атқарған іс-шаралар нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана және Алматы қалаларының экологиялық проблемаларын кешенді шешу тұрғысында Жол картасын әзірледі және бекітті, онда автокөліктен шығатын зиянды газдарды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарланған", - деді Серікқали Мұқатаев Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере отырып.

Оның атуынша, Жол картасы аясында министрлік техникалық байқау операторларына қойылатын талаптарды қатаңдату мәселесін қарастырып жатыр.

Сонымен қатар техникалық байқау жүргізу саласындағы заң бұзу деректеріне жауапкершілікті күшейту мәселелері пысықталу үстінде.

"Осы шараны іске асыру аясында автокөліктің техникалық жай-күйіне сәйкес келмейтін диагностикалық карталарды берген техникалық байқау операторларының жауапкершілігін қайта қарау жоспарланған", - деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу