Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру басшыларының кадрлық резерві құрылады

395

Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. 

Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру басшыларының кадрлық резерві құрылады Фото: Inbusiness.kz

Колледж басшыларының басқарушылық құзыреттілігін дамыту мақсатында 2025 жылға дейін кадрлық резерв құрылады. Оған 200-ге жуық маман кіреді. Колледж педагогтері мен басшыларының сапалы құрамын қалыптастыру мақсатында "мамандыққа бүйірлік кіру" мүмкіндіктері қарастырылған.

5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар өндірістен қабылданған педагогтерге аттестациядан өтпей "педагог-модератор" біліктілік санаты беріледі және жалақысының 30% мөлшерінде қосымша ақы төленеді. 10 жылдан астам өндірістік еңбек өтілі бар мұғалімдердің еңбекақысына 35% қосымша ақы қосылады және сарапшы санаты беріледі.

Бұдан басқа, биыл 30 мыңнан астам колледж педагогтері біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Республиканың барлық өңірлеріндегі курстар аясында колледж педагогтері 5 түрлі бағдарлама бойынша білім алуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу