Қазақстанда тек Қытайға тиесілі 846 компания бар

750

 Ал өткен жылы олардың саны 706 болған.

Қазақстанда тек Қытайға тиесілі 846 компания бар

Қазақстанда Қытай компанияларының саны артуда, деп хабарлайды lsm.kz.

Статистика комитетінің дерегіне сүйенсек, елімізде 2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, жұмыс істеп тұрған 846 Қытайға тиесілі компания бар екен. Ал өткен жылдың дәл осы уақытында әрекет етуші 706 компания болған. Көрсеткіштерге қарап, қытай компанияларының саны бір жылда 20 пайызға артқанын байқауға болады.

Қытайдың өзі ғана егелік ететін компаниялардан бөлек, екі елге ортақ жобалар бар. Биылғы жылдың 1 шілдесіндегі жағдаймен алғанда, Қазақстанда 422  компания Қытаймен табысын бөлісуде. Ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 353 болатын, яғни бірлескен компаниялар саны бір жылда19,5 пайызға артқан.

Қытайдан Қазақстанға тікелей инвестиция көлемі де ұлғайып барады. Биылғы жылдың алғашқы жартысында Қытай еліміздің экономикасына 439 млн доллар салған. Бұл бас банктің дерегі.

Ал өткен жылы инвестиция көлемі 334,7 млн доллар болыпты. Осылайша көрші ел тікелей инвестиция көлемін 27,4 пайызға арттырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу