Қазақстанда байланыс және хабар тарату арналарының сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Компания 8-16 қазан аралығында күзгі күн кедергісі кезеңінің өтуі және байланыс және хабар тарату арналарының сапасының нашарлауы мүмкін екендігі туралы хабарлайды", делінген хабарламада.
Бұған дейін де телеарналарды таратуда проблемалар болған. Қыркүйектің 15-і күні қазақстандық телеарналар хабар таратуды тоқтатты.
ICRIAP Ай мен Жердің көлеңкелі аймақтарының ұзақ өтуіне байланысты KazSat-3 байланыс ғарыш аппаратының аккумуляторлық блоктары зарядсызданғанын түсіндірді. Соның салдарынан спутниктік телерадио хабарларын тарату және спутниктік мәліметтерді беру бойынша қолданыстағы қызмет уақытша тоқтатылды.