Қазақстанда телефонды тіркеу үшін бет сканері енгізілмек

332

Қазақстанда телефондарды тіркеу мен қайта тіркеу кезінде биометриялық аутентификация енгізу жоспарланып отыр.  

Қазақстанда телефонды тіркеу үшін бет сканері енгізілмек Фото: azh.kz

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланып, 2026 жылғы 14 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жобаға сәйкес, пайдаланушылардың жеке басын растау үшін бет сканері қолданылады және деректер мемлекеттік ақпараттық жүйелермен салыстырылады.

Телефондар GSMA халықаралық базасы арқылы тексеріліп, "ақ", "сұр" және "қара" тізімге бөлінеді.

Ұрланған, заңсыз әкелінген немесе клондалған құрылғыларды қазақстандық желілерде қолдануға шектеу қойылмақ.

Сондай-ақ әр құрылғының тарихы – өндірістен бастап иесін ауыстыруы, жөнделуі немесе бұғатталуына дейінгі деректер қадағаланады. Бұл шаралар жалған IMEI-кодтарды анықтап, заңсыз құрылғылардың айналымын азайтуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу