Қазақстанда темекі қымбаттайды

551

Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді деп көзделіп отыр.  

Қазақстанда темекі қымбаттайды Фото: baq.kz

Қаржы министрлігі "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" бұйрыққа түзетулер әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Атап айтқанда, Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағасын мынадай мөлшерде белгілеу ұсынылады:

·       2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 710 теңге;

·       2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге.

Темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасының көтерілу себептері:

·       2023-2024 жылдары акциз мөлшерлемесінің 14% артуы;

·       импорттық шикізат пен материалдардың құны орта есеппен 20% артуы;

·       темекі өнімдерінің шикізаты мен құрамдас бөліктерін логистиканың айтарлықтай күрделенуі;

·       2022 жылы инфляцияның 20,3%-ға дейін өсуі.

Темекі мен темекі шегуді тарату мен пайдалануды қысқарту аясында темекі бағасы да көтеріледі.

Құжат 19 мамырға дейін Ашық НҚА сайтында жарияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу