Премьер-Министр орынбасарының – Қаржы министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы бұйрығымен темекі бұйымдарын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі құнының шекті мөлшері айқындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қаржы министрлігі темекі бұйымдарын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін ҚҚС-сыз бірлігіне 2,68 теңге мөлшерінде айқындады.
Бұрын таңбалау құны Үкіметтің қаулысымен анықталып, өнім бірлігі үшін 2,68 теңгені құраған.
Алайда, әкімшілік реформа мәселелері бойынша түзетулердің қабылдануына байланысты бақылау белгісі құнының шекті мөлшерін, тауарларды таңбалауда қолданылатын сәйкестендіру құралдарын айқындау жөніндегі функция үкіметтен салалық уәкілетті мемлекеттік органдарға берілді.