Қазақстанда темекі шегетіндер азайған

148

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, елімізде шылым тарту көрсеткіші 2020 жылы 21,9%-дан биыл 17,5%-ға дейін төмендеді.  

Қазақстанда темекі шегетіндер азайған Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстан жылдар бойы азаматтарды темекі шегудің зиянынан қорғауға бағытталған кешенді саясатты дәйекті түрде іске асырып келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2006 жылдан бері ДДҰ-ның Темекімен күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясының қағидаттарын толықтай ұстанады.

Осы кезеңде ұлттық заңнамаға бірқатар тиімді шаралар енгізілді:

  • 2009 жылдан бастап – қоғамдық орындарда темекі шегуге кезең-кезеңімен тыйым салу, темекі түтінінен азат аймақтарды кеңейту.
  • 2011 жылы – темекі жарнамасына толық тыйым салу, темекі қораптарына графикалық ескертулер енгізу.
  • 2014 жылы – темекі өнімдеріне акциздерді айтарлықтай арттыру, бұл темекінің қолжетімділігін төмендетіп, бюджет кірісін ұлғайтты.
  • 2020 жылы – реттеуді қатаңдату: темекі өнімдерін ашық қоюға тыйым салу, сату жасын 21 жасқа дейін көтеру, насыбай мен снюстерге тыйым енгізу.
  • 2023-2026 жылдары – темекі өнімдеріне акциздерді кезең-кезеңімен көтеру.
  • 2024 жылы – электрондық темекілер мен вейптердің айналымына толық тыйым салу.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу