Қазақстанда темекі тартатын ерлер – 34%, ал әйелдер – 5%

104

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы қаңтарда ересек тұрғындардың темекі тұтынуы туралы кезекті жыл сайынғы зерттеуін жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда темекі тартатын ерлер – 34%, ал әйелдер – 5% Фото: canva

Сауалнама республиканың барлық өңірі мен үш ірі қаласы – Астана, Алматы және Шымкентте өткізіліп, оған 15 жастан асқан 12 000 үй шаруашылығының бір мүшесі қатысты.

Нәтижелері:

  • Халықтың 17,5%-ы темекі шегеді (2024 жылы – 20,7%);
  • Ауылдық жерлерде – 19,1%, қалаларда – 16,7%;
  • Темекі тартушылардың 93,8%-ы өнеркәсіптік дайын өнімді пайдаланады;
  • Ер адамдар арасында темекі шегу көрсеткіші – 34%, әйелдер арасында – 5%.

Ұлттық статистика бюросы бұл зерттеуді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) GATS халықаралық әдістемесі негізінде 2020 жылдан бері тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу