Қазақстанда теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі артты

390

Биыл елімізде теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау көлемі өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда орташа есеппен 3,5 пайызға артып отыр. 

Қазақстанда теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі артты Фото: Inbusiness.kz

Осылайша жыл басынан жүктерді тасымалдау көлемі шамамен 270 млн тоннаны құрап отыр. Сонымен бірге экспорттық (+8,5%), импорттық (+10,9%) және транзиттік тасымалдар (+18,9%) барысында да көлемнің айтарлықтай ұлғайғаны байқалады, деп жазады inbusiness.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Оған қоса темір кені, мұнай өнімдері, құрылыс жүктері, астық, химикаттар, тыңайтқыштар және қара металдар тасымалы бойынша ұлғаю күтілуде. Атап айтқанда, темір кені 8 пайызға, мұнай өнімдері 11%, құрылыс жүктері 5%, астық 23%, химикаттар 16%, тыңайтқыштар 20% және қара металдар 9%.

Сондай-ақ жылдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен жыл көлемінде тасымалданған жүк көлемі шамамен 300 млн тоннаны құрайды деп жоспарланып отыр. Оның ішінде, ел ішінде 166 млн тонна, экспорттық бағытта 87 млн тонна, импорттық бағытта 18 млн тонна және транзиттік 29 млн тонна жүк.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу