Бүгіннен бастап Қазақстан бойынша терроризм мен экстремизмге қарсы ауқымды акция басталды. "Терроризм мен экстремизмге жол жоқ" акциясын алғашқылардың бірі болып Қазақстанның спорт жұлдыздары қолдап отыр, деп хабарлайды abctv.kz .
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция әзірге Астанада басталған. Жоба әлеуметтік желіде #noextremism, #noterrorism хештегімен таралып отырғандықтан, болашақта акцияның аясы кеңейді деген үміт бар.
Жалпы, терроризм мен экстремизмге қарсы бұл акцияның идеясы алғаш рет "Астана" футбол командасының кезекті ойынынан соң пайда болған. Футболшылар арасындағы бастаманы қолдаған атақты боксшы, Олимпида чемпионы, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы Бақтияр Артаев акцияның алғашқы кейіпкері болып отыр. Бақтияр Артаев видоеүндеу жариялап, қазақстандықтарды терроризмге қарсы бірігуге шақырды.
"Құрметті отандастар! Боксшылар терроризм мен экстремизмге қарсы. Біздің елімізде жат ағымға ешқашан жол бермейміз. Барлықтарыңызды осы қоғамдық акцияны қолдауға шақырамын", - дейді Бақтияр Артаев.
Акция белсенділерінің айтуынша, жоба біздің еліміздегі бейбітшілік пен бітімгершілікті айқындап, ұлтаралық және діни қарама-қайшылыққа тосқауыл қоюды көздейді.