Қазақстанда Tesla электромобильдеріне арналған қуаттау бекеттері ашылады

829

Бұл туралы Tesla Motors компаниясының басшысы Илон Маск Твиттерде жазды.

Қазақстанда Tesla электромобильдеріне арналған қуаттау бекеттері ашылады

Лос-Анджелесте Tesla Model Y жаңа электромобилінің таныстырылымы өтті. Компания Лондоннан Бейжіңге дейін Supercharger қуаттау бекеттерінің жаһандық желісін құрғысы келеді , деп хабарлайды ҚазАқпарат..

Сонымен бірге, әлеуметтік желіде тараған таныстырылымға қазақстандықтардың қатысқаны және компания басшысы Илон Маскке Қазақстанда бекет ашуды ұсынғаны туралы бейнежазбалар пайда болды.

Жауап ретінде Илон Маск Қазақстанда қуаттау бекеттерін ашуға уәде берген.

"Қазақстанда өте жақсы қолдау білдіріп жатыр. Онда да Supercharger орнатамыз деп ойлаймын",– дейді Илон Маск.

Model Y көлігіне 15 дюйм болатын басқару экраны, дыбыс жүйесі орнатылған және төбесі шынымен жабылған. Standard Range нұсқасында сағатына 100 шақырымға дейін 5, 9 секундта оталады, Performance нұсқасында – 3,5 секунд. Қуатталған электромобильмен 320 және 450 шақырым жүруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу