Кездесу барысында Министр қонақтарды ведомствоның қызметімен қысқаша таныстыра кетіп, бүгінде TikTok жастар аудиториясы ғана емес, жалпы интернет кеңістігіндегі ең ірі әлеуметтік платформалардың біріне айналғанын және қазіргі таңда Қазақстанда тикток-хаустар болып біріккен танымал отандық блогерлердің белсенділігі артып келе жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде, Сергей Соколов ТikТоk платформасын бүкіл әлем бойынша 2 млрд-тан астам адам қолданатынын, оның ішінде Қазақстанда ТikТоk-тың 7 млн-нан астам пайдаланушысы бар екенін атап өтті. Пайда болғаннан бері, 4 жылдың ішінде ТikТоk өз қолданушыларына ойын-сауық контенттен, пайдалы әрі мазмұнды контент ұсына бастаған.