Қазақстанда тіркелген автокөліктің саны 6,5 млн-ға жетті

122

Елдегі автокөліктердің жартысынан көбі шыққан жылы 10 жылдан асқан.  

Қазақстанда тіркелген автокөліктің саны 6,5 млн-ға жетті Фото: gov.kz

2025 жылғы маусымда 159,2 мың бірлік автокөлік құралы, оның ішінде 143 мың жеңіл автомобиль, 9,8 мың – жүк көлігі, 1,3 мың – автобус, 5,1 мың – мототранспорт есепке қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 460,4 мың бірлікке жетті, оның ішінде 86,6% – жеңіл автомобильдер, 9,6% – жүк көліктері, 1,8% – автобустар, мотокөліктер – 2%.

Автокөлік құралдарының шығарылған жылдары бойынша 3 жасқа дейінгі автомобильдер саны 453,1 мың бірлікті немесе жалпы саннан 7% құрайды, автопарктің тағы 25,8% (1,6 млн) 3 жылдан 10 жасқа дейінгі автомобильдер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу