Қазақстанда тіркелген шетелдік компанияларды көлеңкелі бизнеске пайдаланады - депутат

537

Визасы жоқ бизнес-иммигранттар құрған 198 компанияның 4 млрд теңгеден астам қарызы бар.

 Қазақстанда тіркелген шетелдік компанияларды көлеңкелі бизнеске пайдаланады - депутат Фото: egemen.kz

Қазақстанда тіркелген шетелдік компаниялардың барлығын жіті тексеру қажет. Сенатор Андрей Лукинның сөзінше, фирма ашып, артынан елден тайып тұратындар көбейген. Олар визасыз келетін бизнес-иммигранттар. Өздері кетсе де, құрылған компаниясы жалған құжат жасап, қаражатты көлеңкелі айналымға шығаруымен айналысып жүр. Кәсіпкерміз деп келген шетелдіктердің ісінде былық көп болса да, құзырлы органдар көз жұмып отыр, дейді депутат. Мәселен, визасы жоқ бизнес-иммигранттар құрған 198 компанияның 4 млрд теңгеден астам қарызы бар. Тағы мың жарымы тіркелген жерінде болмай шықса, 2 мыңдайы тіпті жұмыс істемей тұр. Мұның өзі толық көрініс емес. 

"Халыққа қызмет көрсету орталықтары шетелдіктердің бизнес-иммигрант визасыболмаса да, "заңды тұлғаны" тіркеуден өткізе береді. Мұның соңы жақсы емес. Осығанбайланысты, бизнес-иммигранттарға салық салу және көші-қон мәселелері бойыншаведомстволық бақылауды күшейтуді, бүкіл ел бойынша салық төлемдері мен заңдықызмет жүргізу тұрғысында компаниялар мен фирмаларға аудиторлық тексерулержүргізуді, сондай-ақ бизнес-иммигранттармен құқықтық қатынастарды реттеутетігін жетілдіру жөнінде заңнамалық түзетулерге бастамашылық жасауды ұсынамын", деді ҚРПарламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу