Қазақстанда тіркелмеген көлікті қалай заңдастыруға болады?

2970

Елімізде шетелдік көліктерді заңдастыруға берілген мерзім таяп қалды.

Қазақстанда тіркелмеген көлікті қалай заңдастыруға болады?

Қазір көлікке арналған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезек.  Көлігін рәсімдеп үлгермегендер 4 күн ішінде, яғни 1 шілдеге дейін өтініш беріп үлгеруі тиіс, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі

Бұл автокөліктер талаптарға сай келетін болса, көрсетілген мерзімнен кейін де заңдастыру құқығы берілмек. Ал, уақытында  тіркеуге тұрмаған шетелдік көліктердің тағдыры не болмақ?

Елімізде бүгінге дейін 177 мыңнан аса шетелдік автокөлік тіркелген. Олардың 10 мыңға жуығы құрастырылған көліктер. Ал, көлігін рәсімдеп үлгермегендер 10 күннен бері халыққа қызмет көрсету орталықтарын торуылдап жүр. Бірақ жүргізушілердің көпшілігі көлікті заңдастырып үлгермей қаламыз ба,- деп алаңдайды. 

Ал, бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор мұндай көлік тізгіндеген жүргізушілер 1 шілдеге дейін өтініш беріп үлгеруі тиіс,- дейді. Оның айтуынша, бірінші шілдеге дейін өтініш бергендер сұранысы 1 қыркүйекке дейін қаралады. 

"Бірінші шілде күні біз осы заңдастыруға өтініштерді қабылдауды тоқтатамыз. Ол күнге дейін өтініштерді беріп үлгерген азаматтардың ары қарай да өтініштерін қарап, ары қарай тіркеу амалдарын жалғастыра береміз", - деді ҚР ІІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Жамалиев.

Ал, бұған дейін сақтандыру полисін алмағандар көлікті тізгіндеуге рұқсаты жоқ болғандықтан көліктерін тексеруге апара алмай жүр. Сондай-ақ, елге көлігін 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелгенін түрлі себеппен дәлелдей алмай отырғандар да жетерлік. Бүгін осындай азаматтардан құралған белсенді топ көлікті тіркеуге көмек берілсе,- деп үндеу жолдады.  

"Ол автокөлікпен крименалистерге, тексеруге, вин код, ручная сверкаға бару үшін автокөлікпен беру керек. Ватокөлікпен жүруге сақтандыру полисіміз Жоқ. Осындай тығырыққа келіп тіреліп тұрмыз. Сақтандыру полисін жылдың аяғына дейін беруді сұраймыз", - деді белсенді топ мүшесі Еркебұлан Құлбасов.

Мамандар бірінші шілде тек көлікті заңдастыруға өтініш қабылдау тоқтайды,- дейді. Сондықтан, жүргізушілерге алаңдауға негіз жоқ екенін айтады. Өйткені, бірінші шілдеден кейін түрлі себеппен көлігін елде тіркей алмай отырғандардан өтініш қабылдау басталмақ. Қазір құжат рәсімдеуді  жеделдету үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтары күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкен. Айта кетейік, мұнда соңғы айда 13 мың көлікті рәсімдеуге өтініш қабылданыпты. Мамандар олардың 90 пайызы жақын уақытта заңдастырылады,- дейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу