"Ресей Федерациясының Бас Прокуроры Игорь Краснов Қазақстан Республикасының Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен ТМД-ға мүше мемлекеттер Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің 31-отырысына қатысу үшін келді. Сапар барысында Красновтың Қазақстан, Молдова, Әзербайжан, Армения Бас прокурорларымен, сондай-ақ Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті Чхол-Кю Хванмен екіжақты кездесулер өткізеді", – деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу