Қазақстанда төлем карталары бойынша ақша аудару ережелері қатаңдатылады

3614

Ұлттық банк төлем карточкаларын шығару қағидаларына, сондай-ақ оларды Қазақстан аумағында пайдалана отырып операцияларға қызмет көрсету барысына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізді. 

Қазақстанда төлем карталары бойынша ақша аудару ережелері қатаңдатылады

Жаңа ережелер 2024 жылдың 1 қаңтарында өз күшіне енеді.

Ұлттық банк Қазақстандағы шетелдіктерге төлем карточкаларын беруге қойылатын талаптарды қатаңдатты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жаңа ережелер бойынша банктер төлем карточкасын пайдалана отырып ақша аудару бойынша төлем қызметтерін көрсеткенге дейін:

  • үшінші тұлғалар алаяқтық әрекеттерге баруы мүмкін екенін;
  • үшінші тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік, құқық қорғау органдарының немесе банктердің қызметкерлері ұсынатын адамдардың ықпалымен (өтініші бойынша) ақша аударуды жүзеге асыруға байланысты болуы мүмкін тәуекелдер;
  • ақша алушының бастамасы (шешімі бойынша) не сот шешімі бойынша операцияның күшін жою және ақшаны қайтару мүмкіндіктері жайлы ескертуі керек.

Микроқаржы ұйымдары клиенттерге төлем карточкаларына микрокредитті қарыз алушының кредит сомасы аударылатын жеке арнайы корпоративтік төлем карточкасына жіберуі керек.

Сондай-ақ, банк электрондық банк қызметтерін көрсеткен кезде рұқсат етілмеген төлемдер мен ақша аударымдарына қарсы іс-қимыл процесін автоматтандыратын жүйені немесе бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалануы тиіс.

Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу