Қазақстанда төрт айда 2 мыңға жуық егіз бен 54 үшем дүниеге келді

318

Егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр.  

Қазақстанда төрт айда 2 мыңға жуық егіз бен 54 үшем дүниеге келді Фото: stat.gov.kz

2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда 1926 егіз және 54 үшем дүниеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Бұл туралы ұлттық статистика деректері көрсетіп отыр. Аталған кезеңде елімізде төртемдер тіркелмеген.

Егіздердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелген – 263 жағдай. Одан кейін Алматы қаласы (245) мен Алматы облысы (175) орналасқан.

Үшемдер бойынша Түркістан облысы, Атырау облысы және Шымкент қаласы алдыңғы қатарда. Әр өңірде үш үшемнен дүниеге келіп, жалпы саны тоғыз нәресте туған.

Жалпы биылғы жылдың алғашқы төрт айында ел бойынша 99,4 мың сәби дүниеге келді. Туу көрсеткіші ең жоғары өңірлер қатарында Түркістан облысы, Шымкент қаласы және Маңғыстау облысы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу